Компания туралы

Біз қазіргі заманғы медицинаның негізгі мәселелерін шешумен айналысамыз

Біз – еуропалық ғылыми жетістіктерге және патенттер қоржынына негізделген фармацевтикалық және биотехнологиялық компаниямыз.

 

1986 жылы негізі қаланғаннан бері, Adamed әлемдік нарықтарға инновацияларды экспорттайтын еуропалық фармацевтикалық компанияға айналды. 2009 жылы біз Испанияда өзіміздің өкілдігімізді аштық, онда біз психиатрия, неврология және гинекология салаларында ерекше белсенділік танытудамыз.
 

Adamed 2001 жылдан бастап инновациялық терапия саласында зерттеулер жүргізіп келе жатқан еуропалық жаңа дәрілік заттарды өндіруші болып табылады.

Біздің қоржынға әлемнің 70-тен астам еліндегі пациенттерге ұсынылатын 500-ге жуық өнімдер кіреді.

Бүгінгі таңда біз зерттеу мен дамытуға шамамен 448 миллион еуро инвестиция салдық.

Біз озық университеттермен және зерттеу институттарымен өнеркәсіптік және академиялық консорциумды құрдық.

30 жылдан астам жаңашылдық пен 130 жылдық дәстүр

1986

Adamed негізін медицина және денсаулық сақтау ғылымының докторы – Мариан Адамкевич құрды

1991

Зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеуге арналған алғашқы дәрі жасалды. Жоғары сапалы фурагина өндірісінің өзіндік технологиясын жасау миллиондаған пациенттер үшін урологиялық ауруларды емдеуді қолжетімді етеді

1994

Варшава маңындағы Пенков қаласында бірінші өндіріс орны ашылды

1998

Алғашқы Польшада жасалған амлодипині тіркелді. Амлодипинді синтездеу әдісі жетілдірілді: Польшада алғаш рет жасалған жаңа өндіріс процесінің пайда болуы осы терапияны қолдана алатын емделушілердің санының едәуір артқанын білдіреді, бүгінде ондай адамдар саны – 75 000-нан 1,5 млн-ға жетеді

1999-2000

Ғылыми-зерттеу бөлімі құрылды. Adamed компаниясы Еуропалық Одақта бекітілген Өндірістік тәжірибеге сәйкес келеді және ол GMP UE сертификатына ие

2001

Инновациялық дәрі-дәрмектерді зерттеу басталды (онкология және орталық жүйке жүйесі аурулары саласында)

2002

Лодзь қаласына жақын орналасқан Ксаверув ауылында екінші өндіріс зауыты ашылды

2003

Adamed өз өнімдерін өндіруді бастады

2005-2009

Джагиеллон университетімен алғашқы өндірістік-академиялық консорциум құрылды

2010

Polfa Pabianice және Agropharm компанияларын сатып алу

2010-2012

Adamed біріктірілді. Ресейде өкілдік кеңсесінің ашылуы

2013

Қазақстанда өкілдік кеңсесінің ашылуы

2013-2014

Adamed компаниясының заманауи зерттеу және дамыту орталығының құрылысы басталады

2015

Онкотрайл жобасы басталды

2016

Adamed компаниясының заманауи зерттеу және дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Компания Словакия мен Чехияда өкілдік кеңселерін ашты

2017

Davipharm вьетнамдық фармацевтикалық компаниясының бақылау пакеті сатып алынды

2018

Тәжірибелік зерттеу және дамыту өндіріс алаңы іске қосылды (тәжірибелік зауыт)

2019

Италияда өкілдік кеңсесі ашылды және Италияның Ecupharma компаниясының акциялар пакеті сатып алынды

2020

-«Acadia Pharmaceuticals» компаниясымен «Adamed» инновациялық молекуласын одан әрі әзірлеу туралы эксклюзивті жаһандық лицензиялық келісімге қол қойылды.
-Өзбекстанда өкілдіктің құрылуы

2021

Пабианицедегі өндірістік-логистикалық орталықты кеңейту

2022

- Кажетаныдағы зертхананы сатып алу
- Тадалафил 10 мг қол жетімділігі санатындағы әлемдегі бірінші өзгеріс RX-дан OTC-ге
1986
1991
1994
1998
1999-2001
2002
2003
2005-2009
2010
2011-2012
2013
2016
2016
2017
2018
2019
2020
2021;
2022;

Түпнұсқа дәрілер

Adamed жұмысы үш зерттеу платформасына негізделген. Біз онкология, нейропсихиатрия мен диабетология үшін жаңа дәрілік препараттарды іздеудеміз.

Біз қолданыстағы емдеу әдістерін жақсартамыз

Adamed компаниясында біз дәрі-дәрмектердің қасиеттерін жақсартамыз.

Отбасы үшін жасалды


Adamed отбасымен жаќсыраќ танысу



Толыѓыраќ оќу