ADAMED ИТАЛИЯЛЫҚ НАРЫҚТА СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ

Adamed Pharma компаниясы Ecupharma италиялық компаниясының акциялар пакетін сатып алды, олар онымен стратегиялық серіктестікті орнатты. Ecupharma — бұл динамикалық дамып келе жатқан компания, ол нейропсихиатрия және урология саласында маманданады.

Ecupharma-мен стратегиялық серіктестік келешекте Adamed компаниясына италиялық нарықта кардиология мен терапия салаларындағы қатысуын кеңейту мүмкіндігін береді. Жиырма миллиард еуро болып бағаланатын дәрілік заттардағы италиялық нарығы шамасы бойынша Еуропалық одақта Германия мен Франциядан кейін үшінші болып табылады. Ол тұрақты қарқынымен өсіп келе жатыр және оның зор бөлігі генериктармен және патенттелмеген өнімдермен ұсынылған, (олар нарықтың 90% құрайды).

Ecupharma компаниясының портфолио негізін созылмалы аурулар құрайды. Компания нарықтағы өз жайғасымдарын емделушілердің бейілділігі арқылы нығайтады. Сонымен қатар, ол егде адамдардың ауруларына зейін қойып, заманауи демографиялық мәселелерге де жауап береді, бұнымен Adamed де айналысады.

Ecupharma италиялық нарықтың жетекші қатысушыларымен жарысады және орталық жүйке жүйесінің бұзылуында қолданылатын белгілі бір молекулар нарығында үздік болып табылады. Компания 1993 жылы Лучано Гроттоломен негізделген, әлі күнге дейін оның отбасымен басқарылады және Серперо қорының қолдауын алады.

Ecupharma-ға инвестициялармен қатар, Adamed Италияда тағы бір халықаралық филиалын ашты. Өткен жылдары компанияның осы нарыққа қатысуы корпоративаралық коммерциялық операциялармен шектелген болатын, бірақ жоғары әлеуеті мен өсу болашағы Adamed Pharma басқармасын Италияда коммерциялық құрылымдарды құруға ынталандырды.

Adamed халықаралық нарықтарда

Инновациялар және халықаралық тарату — екі қағидаға негізделген Компанияның біртіндеп даму стратегиясы Adamed-ті белгілі халықаралық бренд етіп білдіртті. Компания өнімдері алты континенттерде ондаған елдерде қолжетімді, жоғары сапасымен және инновацияларымен танымал. Компания 190 артық патент ұстаушысы болып табылады. Қазіргі таңда Adamed шетелдегі тоғыз филиалы бар — Испанияда, Ресейде, Вьетнамда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Украинада, Чех Республикасында, Словакияда және ең жас филиалы — Италияда.

 Adamed инвестициялары Еуропамен ғана шектелмейді. 2017 жылы компания Вьетнамның аса тез өсіп келе жатқан фармацевтикалық компанияларының бір болып табылатын Dat Vi Phu Pharmaceutical-дың бақылаушы пакетін сатып алды. Қазіргі уақытта Adamed 2021 жылдың басында EU GMP —дәрілік заттарды өндірудің еуропалық стандарттарын енгізу мақсатында Dat Vi Phu зауыттарында өндіріс үдерісін жаңғыртып жатыр.

Adamed — бұл таза экспорттаушы, поляк саудасының тиімділігін арттыратын кәсіпорын. Соңғы төрт жыл ішінде компания экспорттаушы тауарлардың құнын екі есеге жуық көбейтті, 2012 – 2017 жылдары оның жиынтық ортажылдық өсу қарқыны (CAGR) 21,6 % құрады.