ADAMED КОМПАНИЯСЫ ЛОНДОН ҚОР БИРЖАСЫМЕН ЕУРОПАҒА ШАБЫТ БЕРЕТІН КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ МӘЛІМ БОЛДЫ

Adamed  компаниясы Лондон қор биржасымен әзірленген «Еуропаға шабыт беретін 1000 компания» беделді есебімен мәлім болды, ал кейін шабыт беретін еуропалық компаниялардың бірі ретінде танылды. Осыған қоса, Adamed -тің бас директоры Мацей Адамкевичті ол өзінің тарихы мен тәжірибесімен бөлісуге Брюссельге 1000 танылған компаниялардың бірін көрсетіп таныту үшін шақырды. Есеп Еуропаның дамып келе жатқан және аса динамикалық шағын және орта кәсіпорындарына қатысты болады, олар болашақтағы экономикалық өсімге, инновацияларға және жаңа жұмыс орындарын жасауға маңызды әсер етеді. 

Осы жылғы 5 қыркүйекте Еуропалық парламентте Брюссельде Лондон қор биржасының 2019 жылғы «Еуропаға шабыт беретін 1000 компания» алғашқы есебі өткізілді. Adamed компаниясы кірістердің кемінде соңғы үш жыл бойы тұрақты және біртіндеп өсу тарапынан мәлім болған.

«Мен Adamed Еуропадағы аса динамикалық түрінде өсіп келе жатқан кәсіпорындарының бірі болып табылатынына мақтан етемін. Компанияның тарихы 32 жыл бұрын басталды. Бүгінгі таңда біздің 2000 қызметкерлеріміз бар, біздің өнім 65 елде қолжетімді. Біздің компания дәрігерлермен құрылған, және біз ең алдымен заманауи медицинаның негізгі мәселелеріне жауап іздейтін болғанбыз», комиссияның шағын және орта компанияларға арналған отырысында деді Мацей Адамкевич, Adamed Pharma S.A. бас директоры. Жарыссөз бен диплом беру рәсіміне қатысты: Лондон қор биржасының бас директоры Нихил Рати, ELITE бас директоры Люка Пейрано, Еуропалық парламент мүшесі Рамон Тремоса және Юрки Катайнен, Жұмыспен қамту, өсу, инвестициялар және бәсекеге қабілеттілік мәселелері жөнінде Еуропалық комиссияның вице-президенті.

 

Еуропаның болашағында шағын және орта кәсіпкерлік секторының негізгі рөлі

Осы тізбеге Еуропалық Одаққа тіркелген аса тез өсетін кәсіпорындар кіреді, олар өз салаларында оңды қаржы нәтижелерін көрсетеді. Есеп авторлары Еуропаның болашақ экономикалық өсуінің жоспарлары, инновациялар мен жаңа жұмыс орындарын жасау үшін өсіп келе жатқан компаниялардың маңыздылығын ерекше айтып көрсетеді.

«Еуропаға шабыт беретін 1000 компания» тез өсетін еуропалық кәсіпорындардың іскерлік әлеуетін көрсетті. Есепке сәйкес, динамикалық түрінде дамып келе жатқан компаниялар жаңашыл болып табылады, жаңа жұмыс орындарын жасайды және экономикалық өсуінің қозғаушы күші ретінде қызмет етеді. Олардың еуропалық экономиканы және келесі ұрпақтар лайық болатын болашақты қамтамасыз ету әлеуеті бар», деп білдіртті Лондон қор биржасының бас директоры Нихил Рати.

Лондон қор биржасымен шығарылған тізбенің үшінші басылымына 30 поляк компаниясы кіреді. Есепте Adamed үш поляк компаниясының біреуі болып, ғылым әлемімен өзара әрекеттесетін және әлемдегі көптеген елдердің 180 патент ұстаушысы ретінде көрсетілген. Сонымен қатар Adamed компаниясының халықаралық қызметі көрсетілген — 8 халықаралық филиал, 65 елде қолжетімді өнімдер, және Davi Pharm акцияларының бақылаушы пакетін 2017 жылы сатып алғаннан кейін Вьетнамда ең тез өсіп келе жатқан кәсіпорынның Оңтүстік-Шығыс Азияға экспансиясы. Әдістемеге қатысты аса толық ақпарат есептің онлайн-нұсқасында мына мекенжайы бойынша қолжетімді www.1000companies.com.