Жауапты әрі этикалық компания ретінде біз әріптестеріміздің, мердігерлеріміз бен серіктестеріміздің жеке деректерін қорғау құқығына құрметпен қараймыз. Сондықтан, біз сізге біздің АДАМЕД компаниядағы жеке деректерді қорғаудың аса маңызды ережелерін ұсынғымыз келеді.

Жеке деректерді бақылаушы деген кім?

2016 жылғы 27 сәуірдегі (GDPR) деректерді қорғау туралы жалпы Ереженің 13-бабына және 14-бабына сәйкес сіздің жеке деректеріңіздің бақылаушы төмендегі тұлғалардың бірі болып табылады:

  • Adamed Pharma S.A. , тіркелген кеңсесінің мекенжайы:  Pieńków, ul. Mariana Adamkiewicza 6A, 05-152 Czosnów,
  • Adamed Group Foundation, тіркелген кеңсесінің мекенжайы: Karowa 31A, 00-324 Warsaw,
  • Admarka Sp. z o.o. , тіркелген кеңсесінің мекенжайы: Pieńków at ul. M. Adamkiewicza 6, 05-152 Czosnów,
  • Adamed Finance Sp. z o.o., тіркелген кеңсесінің мекенжайы:  Pieńków at ul. M. Adamkiewicza 6, 05-152 Czosnów,

Жеке деректерді өңдеуден бұрын әрдайым біз деректерді сақтаудың мақсатын, өңдеуге арналған заңды негізін және олардын сақтау мерзімін анықтаймыз. Сіздің жеке деректеріңіз әдетте өңделеді:

  • Сізді Бақылаушымен байланыстыратын келісімшартты орындау мақсаттары үшін немесе осындай келісімшартты (6-бап (1)(b) тармақ) жасауға арналған қажетті іс-әрекеттер үшін,
  • Бақылаушы орындауға тиіс заңды талаптарға (6-бап, (1)(c) тармақ) байланысты,
  • бақылаушы жүргізген заңды мүдделеріне байланысты (6- бап (1)(f) -тармақ,
  • Сіздің келісіміңіз бойынша (6-бап (1)(а) -тармақ) өңделеді.

Жеке деректерді өңдеудің мақсаты, осы өңдеудің заңды негізі, деректерді сақтау мерзімі туралы және ақпарат беру бойынша міндеттеменің бір бөлігі ретінде GDPR талап ететін барлық басқа ақпарат туралы хабардар болуыңыз үшін біз әр кез қолдан келгенді жасаймыз.

Егер сізде жеке деректеріңізді қорғауға қатысты сұрақ немесе алаңдаушылық болса, бізге iod@adamed.com  электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарласыңыз. Біз сізге толық ақпарат беруге қуаныштымыз.

Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге кім хабарласа алады?

Дербес деректерді өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау және мұндай деректерді еркін ауыстыру және 95/46 / EC директивасын (деректерді қорғау туралы жалпы Ереже) жою туралы 2016 жылғы 27 сәуірдегі Еуропалық Парламент пен кеңес регламенті (EU) 2016/679 бабының негізінде АДАМЕД компаниясына кіретін барлық заңды тұлғалар үшін Деректерді қорғау бюросы тағайындалды.

Жүзеге асырылатын міндеттерінің бір бөлігі ретінде, Деректерді қорғау жөніндегі қызметкер жеке деректерін АДАМЕД компаниясы өңдейтін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қамқорлық жасайды. Сондықтан, ол адамдар Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге өздерінің жеке деректеріне қатысты барлық мәселелер бойынша АДАМЕД сондай деректерді қандай шамада өңдесе, сол шамада хабарласа алады.

Деректерді қорғау жөніндегі қызметкердің міндеттері қандай?

Деректерді қорғау жөніндегі қызметкер компанияда жеке деректерді өңдеудің дұрыстығын тексереді. Өз қызметі шеңберінде ол сондай-ақ дербес деректерді өңдеудегі ықтимал заңсыздықтарға қатысты кез келген мәлімет үшін байланыс жасайтын тұлға болып табылады. АДАМЕД компаниясының кез келген ұйымында жеке деректеріңіздің қорғалуы бұзылған жағдайда, Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге хабарласуыңызға болады. Деректерді қорғау жөніндегі қызметкер сондай-ақ сіздің құқықтарыңызды жүзеге асыруға қатысты өтінім жіберілетін тұлға болып табылады.

Атап айтқанда бұл құқықтар мынаған қатысты:

1)   жеке деректеріңізге қол жеткізу құқығы,

2)   деректеріңізді түзету құқығы,

3)  жеке деректерді жою құқығы («ұмыту болу құқығы»),

4)   жеке деректеріңіздің өңделуін шектеу құқығы,

5)  жеке деректеріңізді табыстау құқығы,

6)   жеке деректеріңіздің бұдан былай өңделуіне қарсы болу құқығы,

7)   автоматты түрде шешім қабылдануына, соның ішінде профиль құруға қарсы болу құқығы,

8)   жеке деректеріңізді қорғаудың кез келген түрде бұзушылықтардың пайда болуы туралы хабарлау құқығы.

Өтініміңіздің өңдеу тәртібі қандай?

Өтінімді АДАМЕД компаниясының белгілі бір қызметкері арқылы немесе тікелей Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге жіберуге болады. Біз әрбір мәселені дереу шешеміз. Егер өтініміңізді қарастыру бір айдан ұзаққа созылса, бөлек жауап хат арқылы мерзімнің ұзартылатыны ескертіледі. Мерзімнің осылайша ұзартылуына өтінімдің күрделілігіне немесе берілген өтінімдердің санына байланысты себеп болуы ықтимал.

Өтінім бізге мәселені нақты анықтауға мүмкіндік бермесе немесе түсініксіз болса, Деректерді қорғау жөніндегі қызметкер өтінім алынғаннан кейін бір ай ішінде оны толықтыруды сұрайды.

Егер өтінім электрондық түрде берілсе, одан әрі хат алмасу, егер бұл мүмкін болса, осы нысанда жүзеге асырылатын болады. Басқа жағдайларда өтінімді қарау тәртібі алынғанын растай отырып, тапсырыс хатпен жазбаша түрде хабарланатын болады.

Өтінімді қарау үшін ақы алынбайды. Алайда, егер өтінім қисынсыз болса немесе жиі қайталана берсе, Жеке деректерді бақылаушы а) өтінімді қарастыруға, хат-хабар жолдауға немесе қажетті іс-әрекеттерді жүргізуге байланысты қисынды әкімшілік шығындарды ескере отырып, ақылға қонымды ақы алуы немесе б) өтінімді қарастырудан бас тартуы  мүмкін.

Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге қалай хабарласуға болады?

Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге төмендегідей жолмен хабарласуға болады:

  • электрондық жолмен мына электрондық пошта мекенжайына: iod@adamed.com,
  • мына мекенжайға хат жолдау арқылы: Adamed Pharma S.A. in Pienków at ul. Mariana Adamkiewicza 6A, 05-152 Czosnów, Poland,